Алматыда екі автомобиль аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі автомобиль аударылып қалды ©"Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жол-көлік оқиғасы кезінде екі автомобиль аударылып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол-көлік оқиғасы кезінде екі автомобиль аударылып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Бухтарминский көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатқан BMW автомобилі белгісіз себептермен көлікті басқара алмай қалған. Бағанаға соғылған автомобиль қарсы бағытқа шығып кетіп аударылып қалды. Шығыс бағытта келе жатқан Toyota жүргізушісі қашып үлгерді, дегенмен оның көлігі жол жиегіне соғылып, аударылып қалды. Зардап шеккен жүргізушілер бақылаудан өтті, олар ауруханаға барудан бас тартты.

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Еске сала кетейік, Алматы - Шымкент трассасында 16 маусымда жол апаты болып, 14 адам қаза тапты. ІІД пультіне хабар шамамен 12.30-да келіп түскен. Mercedes Sprinter мен Howo жүк көлігі соқтығысып қалғаны белгілі болды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети