Алматы - Шымкент трассасында болған жол апатынан 6 адам қаза тапты

16 Маусым 2015, 13:18
0
Алматы - Шымкент трассасында болған жол апатынан 6 адам қаза тапты - ©Данияр Батырбаев
©Данияр Батырбаев
Алматы - Шымкент трассасында болған жол апатынан 6 адам қаза тапты - ©Данияр Батырбаев
©Данияр Батырбаев
Алматы - Шымкент трассасында болған жол апатынан 6 адам қаза тапты - ©Данияр Батырбаев
©Данияр Батырбаев
Алматы - Шымкент трассасында болған жол апатынан 6 адам қаза тапты - ©Данияр Батырбаев
©Данияр Батырбаев

Алматы-Шымкент жолында болған жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы "Боз Арық" айналма жолының маңында болды. ІІД пультіне хабар шамамен 12.30-да келіп түскен. "Mercedes Sprinter автомобилі Howо жүк көлігімен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тапты. Сонымен қатар, бірнеше адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, олардың саны нақтыланбады. Қазіргі уақытта оқиға орнына ІІД, ТЖ және дәрігерлер тобы кетті", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Болған оқиғаның мән-жайын куәгер айтып берді. "Жарақат алған адам көп. Mercedes Sprinter автомобилі Алматыға қарай кетіп бара жатты, КамАЗ жанармай бекетіне қарай бұрылып жатты да олар соқтығысып қалды. Жапырып өтті. Жол апатынан кептеліс пайда болды, көліктеріміз өте алмай қалды", - деді куәгер Данияр Батырбаев.

Еске салайық, ақпан айында Жамбыл облысындағы Астана - Шымкент автожолының 394-ші шақырымында ірі жол апаты болған еді. Автобус салонында 45 адам отырған. Мұзтайғақтан автобус жол жиегіне шығып қалды. Апат салдарынан 10 адам қаза болды. Көлікті 24 жастағы Бектияр Бегалиев жүргізген. Тергеу мәліметінше, жүргізуші рұқсат етілген жылдамдықпен келе жатқан - сағатына 65 шақырым. "Алайда автобустың мұз жолда келе жатқанын ескеру керек, алдыңғы дөңгелектері жарамсыз болған. Автобус жолдан шығып кетіп, аударылды", - деді сот өкілдері. Үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. Бегалиев болса оқиғадан кейін бірден қамауға алынды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай