Алматыда караоке-бар қожайынын өлтірді деген бесінші күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда караоке-бар қожайынын өлтірді деген бесінші күдікті ұсталды Отбасы мұрағатынан алынған сурет

Алматыда караоке-бар қожайынын өлтірді деген бесінші күдікті ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда караоке-бар қожайынын өлтірді деген бесінші күдікті ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Осы іске ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша ("Бұзақылық") бес адам тартылды", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

9 желтоқсанда Медеу аудандық прокуратурадағылар осы іс бойынша екі адамға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын хабарлаған еді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы орталығында караоке-бардың иесін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені хабарланған болатын. "Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Л. және Н. есімді екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды және жасаған қылмыстарын мойындап жатыр", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал кейінірек өлтірілген бизнесменнің жесірі прокуратураға арыз жазған болатын. "Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3,7,9 бөлітеріне ауыстыруын сұраймын. Яғни, "кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан" қылмысқа өзгертуін сұраймын. Сондай-ақ, осы төбелеске қатысты басқа да адамдардың (екі жігіт пен бір қыз) жауапкершілікке тартылуын талап етемін", - делінген еді Ләззат Нұрымованың прокуратураға жазған хатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети