Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Бүгін түнде және 3 мамырда жаңбыр жауады деген болжам жасалғаннан кейін Алматы облысындағы өзендерде су тасу қаупі күтіліп отыр", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Алматыдағы Алатау және Жетісу аудандарында су басу салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Аулаларды лай-батпақтан тазарту жұмыстары қолға алынған. Жұмыстарға 502 адамнан тұратын жеке құрам, техниканың 64 данасы және 20 дана мотопомпа тартылған. Бүгінге дейін 114 аула территориясы тазаланды, 2840 шаршы метр су сорылды, 640 метр жол тазаланды, 1420 шаршы метр көлемінде лай-батпақ шығарылды.  


Алматы әкімдігінің құтқару қызметі Есентай өзеніндегі шлюздерді тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр

Айта кетейік, 30 сәуірде Алматыда Қарғалы өзені арнасынан шығып, қаладағы ықшамаудандардың бірі су астында қалған еді. Су тасқынының салдарын жою үшін 685 адам жұмыс істеді. "29 сәуір күні кешкісін Қарғалы өзенінің деңгейінің көтерілуі салдарынан Алатау ауданын (Алғабас ықшамауданы, Бейбітшілік көшесі) су басып қалды. Салдарынан 14 үй су астында қалды", - деген еді Иманқұлов. Осыдан кейін Алатау және Жетісу аудандарын да су басты

Тексеріс барысында Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданының Бейбітшілік, Желтоқсан, Ақсай көшелерінде 14 үйдің, 27 ауланың су астында қалғаны анықталды. Жетісу ауданындағы Зубаев көшесінде Есентай өзенінің арнасынан асуынан 37 үй, 27 аула су астында қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети