30 сәуір 2016 09:39

Алматыда Алғабас ықшамауданы су астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Алматыда Қарғалы өзені арнасынан шығып, қаладағы ықшамаудандардың бірі су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"29 сәуір күні кешкісін Қарғалы өзенінің деңгейінің көтерілуі салдарынан Алатау ауданын (Алғабас ықшамауданы, Бейбітшілік көшесі) су басып қалды. Салдарынан 14 үй су астында қалды", - деді Иманқұлов. Оның айтуынша, қазір оқиға орнында Алматы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің, "109- Құтқару қызметі", Алатау аудандық ТЖБ, "Алматы Тазалықтың" жеке құрамы жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 70 адам мен 17 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар Қарғалы өзенінің жағасы мен үйлердің айналасына құм салынған қаптарды төсеп жатыр. Оқиға орнына 45 тонна сусымалы материалдар жеткізілді.

Tengrinews.kz оқырмандары су басып қалған үйлер түсірілген суреттер жолдап жатыр. Айта кетейік, өзеннің арнасынан шығуынан Жетісу ауданындағы үйлер де зардап шекті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети