Алматыда "Жұлдыз" базары өртеніп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мамандарына сілтеме жасап.
Жергілікті уақыт 18.09-де өртсөндіру қызметіне дабыл келіп түскен. Оқиға орнында СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшілері жүр, олардың мәліметінше, өрт шамамен 500 шаршы метрдей аумақты шарпыған. Тілсіз жау сағат 18.35-те ауыздықталған. Енді оны залалсыздандыру жұмысы жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, әзірше 10 сауда-қойма павильонының өртенгені белгілі. Олардың жалпы аумағы - 80 шаршы метр. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Дүйсенбіде базарлардың жұмыс істемейтінін атап өту керек.
Еске салайық, 2013 жылдың күзінде Алматы барахолкасында дүркін-дүркін өрт болды. Қыркүйек айында 5 мың шаршы метр аумақ жанып кетті. Кейін қараша айында тағы бірнеше базар отқа оранды. Алғашқы оқиғаға дәнекерлеу жұмыстарының себеп болғаны айтылса, соңғысы қолдан жасалған болып шықты.