Алматыда жоғалып кеткен қызды полицейлер тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жоғалып кеткен қызды полицейлер тапты Айтолқын Ержан. ©Facebook.com

2 ақпанда жоғалып кеткен 17 жастағы Айтолқын Ержан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің мәліметінше, кәмелет жасына толмаған студент қыз Алматы шетіндегі "Береке" ауылындағы үйлердің бірінде табылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 ақпанда жоғалып кеткен 17 жастағы Айтолқын Ержан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің мәліметінше, кәмелет жасына толмаған студент қыз Алматы шетіндегі "Береке" ауылындағы үйлердің бірінде табылған.

Ол полицейлерге үйінен өз қалауымен кетіп қалғанын айтты, сонымен қатар, өзінің іздестіріліп жатқанын білсе де, телефонын қасақана өшіріп қойған. "Сымбат" колледжінің студенті 18 жастағы жігітпен бірге жеке үйлердің бірін жалдап тұрып келген. "Айта кетейік, қыздың бір жігітпен кетіп қалғаны туралы болжам болған. 4 ақпанда жастар бір-біріне деген сезімдері туралы қыздың анасына телефон арқылы мәлімдеген", - деді Медеу ауданы ІІБ басшысы Ерлан Оралбеков. Полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған қыздың Алматыға әкелініп, ата-анасына табысталғанын айтты. Тәртіп сақшылары Айтолқын Ержаннан заңды өкілінің қатысуымен жауап алады.  

Еске сала кетейік, Айтолқын Ержан 2 ақпанда жоғалып кетті, оның анасы тек 4 ақпанда хабар берді. Кәмелет жасқа толмаған бала жоғалып кеткендіктен іздестіру ісі бірден қозғалды. Құрамында Медеу аудандық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бар жедел топ құрылып, полицейлер қызды табу үшін барлық күшті салған болатын. Қыздың курстастары мен жақын араласатын адамдарынан сұрастырылды. Әйел оның қызы барахолка орналасқан ауданда жұмыс істейтін жігіті Наурызбек Мұратпен кездесуге баруы мүмкін екенін айтып еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети