02 қараша 2021 09:48

Алматы әуежайының бұрынғы қызметкерлері жанжал шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы қызметкерлері КТК телеарнасының тілшілеріне жұмыстан кетуге мәжбүр болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы қызметкерлері КТК телеарнасының тілшілеріне жұмыстан кетуге мәжбүр болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күні кеше жүк тасымалы қызметінің қызметкерлері жаппай қысқартуға шағымданған. Олар ешнәрсе түсіндірілмегенін немесе алдын ала ескертілмегенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, кадр бөлімі арыз жазуға мәжбүрлеген.

Жұмыстан шығарылғандар жағдайды ретке келтіруді сұрап Авиациялық көлік прокуратурасына жүгінген.

"Кадр бөлімінен қоңырау шалып, жеті адам едік, бәрін кадр бөліміне шақырды. Онда барғанда, мөр қойылған еңбек кітапшалары дайын болды. Онда өз еркімізбен кеткеніміз көрсетілген. Жұмыстан шығаруға бұйрық, өтініш дайын тұрды. 

"Қандай негізде кетіп жатырмыз" деген сұрақпен арызға қол қойдық. Бізге: "Сендерге ешкім көмектесе алмайды, жұмыстан кету керек" деді. Мен және бөлімшедегі төрт маман өтініш жазып, жұмыстан шықтық", - дейді "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ жүк тасымалдау қызметінің бұрынғы қызметкері Галина Такобаева.

Бұрынғы жұмысшылар "әйтпесе бап бойынша жұмыстан шығарамыз" деп қорқытқанын алға тартады. Көп ұзамай кеткендердің орнына жаңа қызметкерлер алынған. Бұрынғы қызметкерлер әуежайда 10 жылдан аса жұмыс істегенін айтады. Бәрінің авиациялық білімі бар. Кейбіреулер үшін зейнеткерлікке шығуға аз-ақ уақыт қалған және жаңа жұмысқа тұру өте қиын болады. Олар жұмысқа қайта алуды немесе басқа нұсқа ұсынуды талап етеді.

Әуежайдың өзінде қызметкерлер өз еркімен жұмыстан кеткенін жазды.

"Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы қызметкерлерінің соңғы үндеуіне сәйкес, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-на қойылған бұл талаптардың негізсіз екенін хабарлаймыз. Қызметкерлер өз бастамаларымен жұмыстан шығарылды. Олармен еңбек шарты Қазақстан Республикасының 49-бабы 5-тармақшасына сәйкес, Еңбек кодексі аясында бұзылды", - деді оқиғаға қатысты әуе айлағы баспасөз қызметінің жетекшісі Найля Жабагина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети