13 мамыр 2019 09:40

Алматы - Бішкек тасжолында болған жол апатынан 9 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vestirama.ru © vestirama.ru

Алматы - Бішкек тасжолында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы - Бішкек тасжолында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы кеше, 12 мамырда таңғы уақытта тасжолдың 109-шақырымында болған. Lada мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан. Полициядағылардың мәліметінше, қаза тапқан тоғыз адамның үшеуі - әйел адамдар.

"Қаза тапқандардың аты-жөні анықталды. Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары қаза тапты. Алдын ала нұсқа бойынша, Lada жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Жол апаты дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство өкілдері жол апатына қатысты тергеудің бақылауда екенін және облыстық полиция өкілдерінің деректі өндіріске алғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети