Алматы қалалық ІІД өкілдері полицейлердің қызға алкотестер орнына ысқырық үрлеткізгені түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық ІІД өкілдері полицейлердің қызға алкотестер орнына ысқырық үрлеткізгені түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл мәселені тәртіптік комиссия қарайтын болады, ал полицейлердің қорытындысын кейінірек хабарлауға уәде беріп отыр. Сондай-ақ, Салтанат Әзірбек қыздың туыстарының ІІД-ден полицейлерді осындай әзіл үшін жазалауын сұрағаны жайлы мәліметті растады.
Еске сала кетейік, бұл видео Желіде 27 желтоқсанда пайда болған еді. Видеодағы көріністен оқиғаның патрульдік көліктің ішінде болғанын байқауға болады. Полицей қызға алкогольдік ішімдік ішкен ішпегенін тексеру үшін алкотестердің орнына ысқырғышқа үрлеуді сұрайды. Ал қыз болса өзінің ішпегенін қайта-қайта айтып, оның нұсқауларын тыңдап, бірнеше рет ысқырғышқа үрлейді.
Ал кейінірек "алкотестер-ысқырық" жайлы видеодағы қыздың туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын. Қыздың ата-анасының сөзінше, видео 2016 жылдың 21 желтоқсанында түсірілген. Олар қыздың арақ ішпегенін айтады. Қыздың туыстарының айтуынша, қыз оның алкотестер екеніне сенбеген. "Ол болса, жоқ бұл жаңа технология деген. Ол заңға бағынбады деп айыптаудан қорықты. Сосын оны босатты. Ол үйге келіп, болған жәйттің бәрін айтып берді. Полицейлер туралы мәлімет пен көлік нөмірін есте сақтай алмады, өйткені қараңғы болды", - деп түсіндірген еді ата-анасы.