31 желтоқсан 2016 17:34

"Алкотестер-ысқырық" жайлы видеодағы қыздың туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Полицейлер алкотестер орнына ысқырыққа үрлеткізген қыздың ата-анасы құқық қоғау органдары қызметкерлерін жауапқа тартпақ. Бұл туралы зардап шегушінің туыстары Tengrinews.kz редакциясына хабарлады. Бұл әзіл видеоға түсіріліп, Интернетте таралып кеткен болатын


Полицейлер алкотестер орнына ысқырыққа үрлеткізген қыздың ата-анасы құқық қоғау органдары қызметкерлерін жауапқа тартпақ. Бұл туралы зардап шегушінің туыстары Tengrinews.kz редакциясына хабарлады. Бұл әзіл видеоға түсіріліп, Интернетте таралып кеткен болатын

Қыздың ата-анасының сөзінше, видео 2016 жылдың 21 желтоқсанында түсірілген. Олар қыздың арақ ішпегенін айтады. "Ол өмірінде ішіп көрген емес және ішпейді де. Ол төрт күн тұмауратып жатты. Дене қызуы 39 градус болып, емделіп жүрді. Ол үйден дәріханаға шыққан еді. Бірақ жете алмады, өйткені бірден полиция тоқтатты. Қызметкер құжаттарды тексеріп, көліктен түсуін сұрады. Экипажға шені үлкен офицерге бірге барды. Оның аппаратқа үрлеу керегін айтып, ысқыруықты көрсетті. Ысқырық ішіндегі шар қызаруы керек болыпты-мыс", - деп түсіндірді ата-ана.

Қыздың туыстарының айтуынша, қыз оның алкотестер екеніне сенбеген. "Ол болса, жоқ бұл жаңа технология деген. Ол заңға бағынбады деп айыптаудан қорықты. Сосын оны босатты. Ол үйге келіп, болған жәйттің бәрін айтып берді. Полицейлер туралы мәлімет пен көлік нөмірін есте сақтай алмады, өйткені қараңғы болды", - деп түсіндірді ата-анасы.

Қыздың ата-анасы видеоның 27  желтоқсанда Ғаламторда пайда болғанын айта кетті. Келесі күні олар полицейлерге қатысты арыз түсірген. "Біз ішкі тексеріс жүргізуді сұрадық. Олар қызметтік бабын пайдалана отырып, ар-ұятын аяқасты етіп, мазақ қылды. Қызметкерлерді анықтады, қортындысын күтеміз", - дейді наразы туыстар. 

Tengrinews.kz тілшісі осы жағдайға байланысты Алматы ІІД-ге хабарласты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети