1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматы - Қапшағай автожолында көктайғақтан 15 автомобиль жол апатына ұшырады

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматы - Қапшағай тас жолында көктайғақтан бірнеше автомобиль жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, апаттан 15 автомобильге зақым келген. Бір автобустың аударылып қалғаны белгілі. Қазір оқиға болған жерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жедел жәрдем өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет әзірше жоқ.

Қапшағай қаласындағы аурухана өкілдері жол-көлік оқиғасынан түрлі жарақатпен тоғыз адамның түскенін хабарлады. Олардың жағдайы орташа.

Куәгерлердің айтуынша, Алматы - Қапшағай трассасында жақында салынған бетон төсенішке мұз қатып қалған. Қазір жүргізушілер жолмен барынша жай жүріп жатыр.

Оқиға болған жерде жүрген Tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына полиция автомобилі де тап болған.


ШҚО-да ұшақ өртенді