25 сәуір 2023 10:50

Алматы маңында автобус жол апатына түсіп, әйел мен бала ауыр жарақат алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы іргесіндегі "Алтын Орда" базары маңындағы тасжолда №112 автобус бар жылдамдықпен жеңіл көлікке соғылып, кейін қоршауға соғылған. Жолаушылар арасында әйел мен бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы іргесіндегі "Алтын Орда" базары маңындағы тасжолда №112 автобус бар жылдамдықпен жеңіл көлікке соғылып, кейін қоршауға соғылған. Жолаушылар арасында әйел мен бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырман Tengrinews.kz редакциясына "Алтын Орда" базарына жақын маңдағы Іргелі ауылы маңында болған оқыс оқиға туралы айтып берді. Оқырманның айтуынша, оның анасы мен інісі, сондай-ақ кішкентай қызы бар отбасы мінген автобус апатқа ұшыраған. Жүргізуші, оқырманның айтуынша, көлікті соғып, кейін жол жиегіне шығып кеткен. Апат салдарынан анасының омыртқасы сынып, көгерген, ал баланың миы шайқалып, кеудесі көгерген.

Оқиғаға басқа оқырмандар да куә болып, видео жіберді.

Кейін әлеуметтік желілерде соқтығыс болған сәттің видеосы пайда болды.

Алматы облысының полицейлері жол апаты туралы ақпаратты растады. Бұл 23 сәуірде сағат 19:00-де болған. "Алматы-Бішкек" тасжолының 17-шақырымында келе жатқан Yutong автобусының жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан DAEWOO көлігімен соқтығысып, ол инерция салдарынан бетон жол жиегіне соғылған. Автобус та бетон жиекке, кейін инерциямен металл қоршауға соғылған.

Оқиға кезінде 1971 жылы туған жолаушы мен 2016 жылы туған бала зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды.

"Дерек бойынша барлық қажетті сараптама тағайындалды. Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Алматы облысының полициясы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети