Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы жолдан өткісі келген ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті. Қайғылы оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Етікші, жергілікті тұрғын. Балаларымен өзенге шомылуға бара жатқан. Қызы оқиға орнында қаза болды, балаарбадағы ұлын итеріп жіберіп үлгерген. Ұлы тірі", - делінген Instagram-дағы kaskelenkz парақшасында.
Ескерту, жүрегі әлсіздерге көруге болмайды!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, оқиға 28 маусымда 14:50-де Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолында болған.
"ЗИЛ маркалы жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі трассамен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шақырымда белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 53 жастағы жергілікті тұрғын мен тоғыз жастағы бала қаза болды. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!