29 маусым 2021 13:04

Дәрігерлер Алматы маңында жүк көлігі қағып кеткен баланың жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Дәрігерлер Алматы маңында әке мен екі баланы жүк көлігі қағып кеткен жол-көлік оқиғасында аман қалған баланың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Алматы маңында әке мен екі баланы жүк көлігі қағып кеткен жол-көлік оқиғасында аман қалған баланың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің сөзінше, үш жасар бала зардап шеккен. Ол Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді.

"2018 жылғы науқас жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алды. Травматология бөліміне жатқызылды. Диагнозы: жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы. Бастың шаш өсетін бөлігі мен беттің сол жағы көгерген", - деді дәрігерлер.

Қыздың жағдайы орташа тұрақты деп бағаланады.

Еске салайық, 28 маусымда Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы жолдан өткісі келген ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті. Қайғылы оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 53 жастағы жергілікті тұрғын мен тоғыз жастағы бала қаза болды. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети