24 желтоқсан 2016 11:23

Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты құтқарушылар 24 желтоқсанда Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертеді.

"Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК өкілдерінің 2016 жылдың 24 желтоқсанына арналған ауа райы болжамының негізінде ескертеді! Қардың көп мөлшерде жаууына байланысты 24 желтоқсанда Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін. Тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз. Тау аумақтарында сақ болыңыздар", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын. "23-24 желтоқсанда Қызылорда, 24-25 желтоқсан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында түнде ауа температурасы күрт төмендеп, кей жерлерде минус 20-25 градусқа дейін жетеді. Аталған облыстардың кей бөліктерінде көктайғақ болады деп күтілуде", - деген еді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети