01 мамыр 2021 | 11:16

Алматы нөсер жауын салдарынан тағы да су астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімдігі © Алматы әкімдігі

Алматыда кеше, 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні нөсер жауын жауып, қаланың кейбір көшесі мен көпір астын тағы да су басты, салдарынан адамдар мен көлік жүрісіне кедергі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда кеше, 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні нөсер жауын жауып, қаланың кейбір көшесі мен көпір астын тағы да су басты, салдарынан адамдар мен көлік жүрісіне кедергі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі қолданушылары 1 мамыр күні таңертең қала жолдарында не болып жатқанын видеоға түсіріп, жариялап жатыр. Таңғы сағат 6.00-де әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысындағы жолдың туннель бөлігі су астында қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Әкімдік мәліметінше, бұл жерде көпір астында электр қуатының болмауына байланысты сорғы сөніп, су жиналған.

"Қазіргі уақытта бұл жерде ауданның коммуналдық қызметтері ("Алматы тазалық"," Алматы су","109 құтқару қызметі"), екі арнайы техника мен алты мотор сорғысы жұмыс істеп жатыр. Сорғы станциясы да қосылды", - деді қалалық билік өкілдері.

Сонымен қатар, қала тұрғындары Алматының оңтүстік бөлігіндегі таулы аймақта түсірілген видеоларды жариялады. Куәгерлердің айтуынша, нөсер жаңбырдың салдарынан бұл аудандарда көшкін қаупі туындауы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Айта кетейік, 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні қалада қатты жел болды. Алматылықтар желдің екпіні кейбір жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің шатырын қиратқанын хабарлады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Су басуға қарсы жұмыстар қаланың коммуналдық қызметтерінің бақылауында

Әкімдік мәліметінше, су басып қалудың алдын алу және оны болдырмау үшін ТЖД Алматының аудандық әкімдіктерімен бірге жиі су басып қалатын 17 учаскені анықтап, оларға жүйелі мониторинг жүргізіп, нақты шараларды іске асырды.

Таңғы сағат 10:00-де мына мекенжайларды су басты:

1. Медеу ауданы - электр қуатының болмауына байланысты әл-Фараби мен Назарбаев  даңғылдарының қиылысындағы көпір астында сорғы сөніп, су жиналды.  Қазіргі уақытта аудандық коммуналдық қызметтер сол жерде жұмыс жасауда (Алматы Тазалық, Алматы су, Құтқару қызметі 109,) 2 арнайы техника мен 6 мотор сорғысы іске қосылды. Сорғы станциясы да қосылған
2. Алмалы ауданы - Мұқанов көшесін су басуы бойынша "Алматы Тазалық"  қызметкерлері жұмыс жүргізіп, аяқтады. 30 қап инертті материал пайдаланылды, жұмыстар аяқталды.
3. Бостандық ауданы - Есеналиев көшесі 33- 5 қабатты үйдің жертөлесіне су жиналды, су арық жүйесіне бұрылды, 40 қап қолданылды. 
4. Әуезов ауданындағы 9-ықшамаудан, 51-үйде жертөлені су басты. "Алматы Тазалық"  қызметкерлері жұмыс жүргізіп, аяқтады.
5. Түрксіб ауданында - Қайрат 93 ықшамауданы бойынша ЖТҮ ауласын су басты, "Алматы Тазалық"  қызметкерлері жұмыс жүргізіп, аяқтады.

"Соңғы бес жылда қалада 497 шақырым арық жүйесі салынып, 40 шақырым көл саласы ретке келтіріліп, жағасы бекітілді. Бұл шаралар су басуы мүмкін орындар санын 3,5 есе азайтуға мүмкіндік берді. Алматы қаласы бойынша 376 шақырым арық желісін салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр. Жобаны жүзеге асыру 2021-2023 жылдарға жоспарланған.

Бүгін Алматы қаласының азаматтық қорғаныс қызметтерінің күші жауын басталғанға дейін су басу қаупі бар аймақтарға жіберілді, инертті материалдар әзірленді. Жалпы, жағдай бірқалыпты, бақылауға алынды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети