Алматы облысында 170 бас қой өртеніп кетті 08 сәуір 2014, 10:20

Алматы облысының шаруа қожалықтарының бірінде 170 бас қой өртеніп кетті деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"07.04.2014 күні сағат 13.54-те Алматы облысы, Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округіндегі "Өміржан-Бертіс" шаруа қожалығының мал қорасында өрт болды. Өрт 17.26-да ауыздықталып, 17.43-те залалсыздандырылды. Өртті сөндіруге Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан төрт адам мен екі техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Өртенген аудан - 693 шаршы метр. Тілсіз жаудың салдарынан 170 бас қой қырылып қалды.
Еске салайық, қаңтар айының соңында Шығыс Қазақстан облысында 200 бас қой-ешкі мен үш бас жылқы өртеніп кеткен еді. Төтенше оқиға Жарма ауданындағы Қалбатау ауылдық округіндегі "Мерей" шаруа қожалығында болды.
- ПОДЕЛИТЬСЯ