19 мамыр 2021 15:06

Алматы облысында 22 жастағы полицей жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Надир Қалымов. Фото: Манап Саттаров/facebook. com Надир Қалымов. Фото: Манап Саттаров/facebook. com

Алматыда 22 жастағы полицей Нәдір Қалымов жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 22 жастағы полицей Нәдір Қалымов жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 19 мамырда таңғы сағат 9 шамасында Алматы облысы Қарасай ауданында болған.

"Көлді-Жалпақсай тасжолында Mazda 626 маркалы көлік жүргізушісі тізгінді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1999 жылы туған Алматы патрульдік полиция инспекторы Нәдір Қалымов жүргізіп келе жатқан Lada Granta автокөлігімен соқтығысқан. Инерция бойынша Lada жол жиегіне ұшып кетіп, ағашқа соғылған.

Полиция кіші сержанты Қалымов түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.

Mazda жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.

Бұл факт Алматы облысы ПД-сына қарасты Қарасай аудандық полиция басқармасына ҚК-нің "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша тіркелген.

"Алматы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы Нәдір Қалымовтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Полиция кіші сержанты Қалымов ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет атқарды. Артында анасы мен жүкті әйелі қалды", - деді полиция өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети