25 наурыз 2021 13:51

Алматы облысында адамшошырлық апаттан төрт адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында адамшошырлық апаттан төрт адам қаза тапты Алматы облысында адамшошырлық апаттан төрт адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан үш жолаушы мен Toyota Land Cruiser-дің жүргізушісі қайтыс болды. Оқиға болған жерде түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Облыстық полиция департаменті апат себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында жол апатынан үш жолаушы мен Toyota Land Cruiser-дің жүргізушісі қайтыс болды. Оқиға болған жерде түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Облыстық полиция департаменті апат себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да қайғылы оқиға болған жерден видео жарияланды. Жол апаты 24 наурызда сағат 14.00-де Қапшағай - Бақанас жолында болғаны белгілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)

Алматы облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, Toyota Land Crusier маркалы автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota Mark II-мен соқтығысқан.

"Апат салдарынан Toyota Mark II автокөлігінің үш жолаушысы мен Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Toyota Mark II жүргізушісі мен Toyota Land Cruiser жолаушысы Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жағдай СДТБТ-да ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу" бойынша тіркелді.

"Қажетті сараптамалар тағайындала отырып, соталды тергеу жүріп жатыр. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп толықтырды ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети