27 шілде 2017 | 15:52

Алматы облысында әуе апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаркенттен 10 шақырым жерде болған әуе апатынан 54 жастағы ұшқыш Хамит Ақбергенов пен шаруа қожалығының 39 жастағы басшысы Масимжан Масимов қаза болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысы Панфилов аудандық прокуратура өкілдері хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Жаркенттен 10 шақырым жерде болған әуе апатынан 54 жастағы ұшқыш Хамит Ақбергенов пен шаруа қожалығының 39 жастағы басшысы Масимжан Масимов қаза болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысы Панфилов аудандық прокуратура өкілдері хабарлады.

"Казавиа" жекеменшік компаниясына тиесілі екі орынды ұшақ авиахимиялық жұмыстар жүргiзіп жатқан. 

"Ұшқыш Хамит Ақбергенов - Қарағанды облысының тумасы. Алматыда тұрған. Ал Масимжан Масимов Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында тұрған", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Бірақ прокуратура өкілдері ұшқыш ұшақты елді мекеннен алыс аумаққа әдейі алып кетті ме, жоқ па - ол мәліметті растай алмады. Ал негізі ұшақ ауылдың шетінде құлаған.

Еске сала кетейік, бүгін, 27 шілдеде Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза болған еді. "2017 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында "Казавиа" әуе компаниясына тиесілі ЯК12 ұшағы құлады. Жаркенттен 10 шақырым жерде. 2 адам қаза болды. Авиахимиялық жұмыстар жүргiзіліп жатқан. Тергеу басталды", - деп хабарлаған болатын Азаматтық авиация комитетіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети