Алматы облысындағы Алматы - Өскемен тас жолында жол апаты болып, 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 16 тамызда Шеңгелді ауылына жақын маңда, 112 шақырым қашықтықтағы автожолда болды. Жол-көлік оқиғасынан тағы бес адам зардап шекті. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Ведомствоның мәліметінше, Mercedes-Benz пен Opel Zafira соқтығысқан. "Жол апаты дерегі бойынша "Көлік басқару кезінде жол ережесін бұзу" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалды", - деді полиция қызметкерлері.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында осыған ұқсас ірі жол апаты болып, тоғыз адам қаза тапқан болатын. Mitsubishi Lancer жүргізушісі мен 9 жолаушы Талғардан Кеңдала ауылына бет алған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Lancer жүргізушісі жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Нәтижесінде олар FAW жүк көлігімен соқтығысты. Сегіз жолаушы мен Mitsubishi Lancer жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл автокөліктің бір жолаушысы мен жүк көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі Талғар орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.