Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматы облысында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тапты

25 Шілде 2015, 11:01
0
©pro-goroda.ru
©pro-goroda.ru

Алматы облысында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сенбіге қараған түні шамамен таңғы 4.00-де Талғар қаласынан шыға берістегі Кеңдала ауылының маңында Mitsubishi Lancer және FAW автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегіне сәйкес ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімімен соталды тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, салонында ереже бұзып, 9 жолаушыны тасымалдағысы келген Mitsubishi Lancer жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, сонда FAW жүк көлігімен соқтығысты", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасынан 9 адамның (Mitsubishi Lancer жүргізушісі мен сегіз жолаушысы) оқиға орнында қаза болғаны хабарланып отыр. Жеңіл автокөліктің бір жолаушысы мен жүк көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі Талғар орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілді. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай