18 қазан 2016 16:42

Алматы облысында екі жігіттен зорланған қыз солардың біріне тұрмысқа шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Алматы облысы Жамбыл ауданында жаппай зорлау оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өз ҚР ІІМ өкілдеріне сілтеме жасап. 


Алматы облысы Жамбыл ауданында жаппай зорлау оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өз ҚР ІІМ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Оқиға биыл шілде айында Ұзынағашта болған. 16 шілдеде Қарғалы ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, 16 шілдеге қараған түні екі жігіттен зорланғанын айтқан. Тергеу барысында күдіктілер анықталған, олар Ұзынағаштың екі тұрғыны болып шыққан. Алайда келесі күні қыз өз арызын қайтарып алған, себебі деп ол зорлаған жігіттердің біріне тұрмысқа шыққанын атаған. 31 тамызда тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылыпты. 

Ал осыдан кейін күдіктілердің бірі белгісіз себеппен өз-өзіне қол салған. 

Министрліктегілердің айтуынша, 18 шілдеде күдіктілердің бірі Ұзынағаштағы үйінің ауласында асылып қалған. Осы дерек бойынша 18 шілдеде "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. "Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам механикалық асфиксия салдарынан қайтысболған. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Ер адамның өлімінің себебі анықталмады", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Сондай-ақ, қаза болған жігіттің әкесі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекетінің заңдылығын тексеру бойынша берген арызымен биылғы 8 қазаннан бастап Алматы облыстық ІІД-де "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети