19 желтоқсан 2015 09:09

Алматы облысында ер мұғалім оқушыларды қатыгездікпен ұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысында ер мұғалім оқушыларды қатыгездікпен ұрды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Балаға қол көтеру әрекетін оқушылардың бірі таспаға түсіріп алып, Интернетте таратты. 


Алматы облысында ер мұғалім оқушыларды қатыгездікпен ұрды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Балаға қол көтеру әрекетін оқушылардың бірі таспаға түсіріп алып, Интернетте таратты. 

Мектепке барып, істің мән-жайын білген тілші оқиғаның қалай болғанын анықтапты. Жеткіншектерді тақта алдында қаздай тізіп, кейін шапалақпен ұрған Ұзынағаш мектебінің мұғалімі істің мән-жайы анықталған соң жұмысынан шеттетіліп қана қоймай, бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екен. Видеода ер адамның балаларға ұрысады. "- Неге бастайсың? - Ағай, мен бастаған жоқпын. - Айтып тұр ғой осы бастады деп. - Неге мойындамайсың?! Неге?! Ей, бәле болдыңдар ғой!". 

Істің неден басталғаны кадрдан тыс қалса да, долы ұстаздың оқушыны шапалақпен қалай және қанша рет ұрғаны анық көрінеді. Бірінің түсінігін естіген мұғалім екіншісіне ауысып, дауыс көтерген. Ашуға мінген ұстаздың Ұзынағаш ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі екені анықталды. Темірдей тәртіпті талап ететін педагогтың бұл әрекетіне оның әріптестері аң-таң.

Уәлиханов атындағы Ұзынағаш орта мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ұлбалам Елгезерованың айтуынша, ер адам өте жақсы ұстаз. "Өзі де, сөзі де түзу. Білім саласында істейтін мұндай ер азаматтар өте сирек", - дейді ол. 

Ал мектепке барған тілші директордың өзін де, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын да жұмыс орнынан таба алмаған. Екеуі де денсаулығы сыр беріп, емханаға кеткен көрінеді. Соңғы 5 жыл бойы бір мектепте қызмет етіп, бір сәтке ашуын тежей алмаған ұстаздың мәселесі енді майшаммен қаралмақ. "Әрине, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар жұмыста кемшілік жіберген. Енді біз оны анықтаймыз, сөйлесеміз, тиісті шараны қолданамыз сол кісіге байланысты", - деді Жамбыл аудандық білім беру бөлімінің сектор жетекшісі Айткүл Медеуова. Ұзынағаштық педагогтың тәрбие беру тәсілдеріне жақын арада баға беріледі. 

Дереккөз: КТК телеарнасы

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети