26 маусым 2018 16:23

Алматы облысында жер үй өртеніп кетті. Оқиғаның видеосы жарияланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысында жер үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.


Алматы облысында жер үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Өрт Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында болған. Видеода өртеніп жатқан үй көрсетілген. 

"Өртсөндірушілерді екі сағат бұрын шақырғанбыз, олар жоқ. Үй өртеніп жатыр. Ештеңе шығарып үлгермедік", - дейді видео авторы. Ал келесі видеода ер адам "Өрт сөндірушілер келді, бірақ үй жоқ", - деген. 

Бұл оқиғаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіндегілер растады. Олардың мәліметінше, өрт Тұздыбастау ауылында Шығыс-2 ықшамауданында болған.

"Алдымен сақтаулы шөп (7,5 тонна) жанған. Ол артынша аумақтағы 140 шаршы метр жер үйге жайылған. Оқиға жайлы хабарлама 12.03-де келген, 13.04-де ауыздықталған, қазір өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр", - деп хабарлады министрлік өкілдері. 

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіндегілер жол жүруге ұзақ уақыт кеткенін түсіндірді. Жақын арадағы өрт станциясына дейін арақашықтық - 25 шақырым. Кейінірек хабарланғандай, өрт 14.00-де сөндірілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети