Алматы облысындағы 8 жолаушы және жүргізуші қаза тапқан жол апатының мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың барлығы бір автомобильде болған.
Алматы облысындағы 8 жолаушы және жүргізуші қаза тапқан жол апатының мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың барлығы бір автомобильде болған.
Алматы облысы ІІД баспасөз хатшысының хабарлауынша, Mitsubishi Lancer жүргізушісі мен 9 жолаушы Талғардан Кеңдала ауылына бет алған. "Талғарда олар түнгі сағат 1.00-де шағын футбол алаңын жалға алып, футбол ойнаған. Сосын 10 адам бір көлікке отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Lancer жүргізушісі жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шығып кеткен", - деді ІІД баспасөз қызметі өкілі.
Нәтижесінде олар FAW жүк көлігімен соқтығысты. Сегіз жолаушы мен Mitsubishi Lancer жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл автокөліктің бір жолаушысы мен жүк көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі Талғар орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.