04 наурыз 2020 16:35

Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандар кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде көкпар ойнағандардың видеосы тараған болатын. Видеода Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінде жол бойында 20-25 адамнан тұратын бір топ адамның көкпар ойынын ұйымдастырғаны көрінеді.

Полицейлер Көктебі және Рахат ауылдық округтерінің тұрғындары арасында көкпар ұлттық ойыны өткенін анықтаған.

Көкпар ережесі бекітілді: енді халықаралық жарыстар қай нұсқамен өтеді?

Іс- шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бір бөлігі ойынды жол бөлігінде жалғастырғандығы белгілі болды. Аталған заңға қайшы әрекеттердің жолын патрульдік полиция экипаждары дер кезінде кесті. Сонымен қатар, ұлттық ойындар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз өткізілгендігін атап өткен жөн.

Полицейлердің мәліметінше, қазіргі уақытта көкпар ойынын ұйымдастырған Алматы облысы Рахат ауылының 1998, 1997, 2000, 1992 жылғы тұрғындары ұсталды. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұлттық ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан өзге де адамдар анықталып жатыр деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети