18 тамыз 2020 17:10

Алматы облысында қоқысқа толы өзеннің жағасы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Алматы облысы Азат ауылының тұрғындары қоқысқа толы өзеннің жағасын видеоға түсірді. Олар Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің бұл мәселеге назар аударуын сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Азат ауылының тұрғындары қоқысқа толы өзеннің жағасын видеоға түсірді. Олар Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің бұл мәселеге назар аударуын сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан қоқысқа толы Талғар өзенінің жағасын көруге болады. Тұрғындардың айтуынша, мұнда қоқысты жөн-жосықсыз төгу салдарынан осындай үйінді пайда болған.

"Бұл қоқыс Талғардағы саяжайлардың маңында тұр. Біздің ойымызша, әкімдік мұндай жер барын, онда адамдар тұратынын ұмытып кеткен сияқты. Мұнда жол да жоқ. Балалар Талғардағы мектепке жаяу барады. Жанымызда Талғар өзені тұр. Ол қоқыс алаңына айналып кетті. Себебі қоқысты алып кету дұрыс жолға қойылмаған. Мұнда көпір бар. Ол арқылы Кеңдала ауылына баруға болады. Бірақ көпірден өту өте қауіпті. Әсіресе, кешке. Ал қыста бұл жерде жүру мүмкін емес. Біз бұл ақпарат Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіне жеткенін қалаймыз", - дейді желідегі видеоның авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Заваленный мусором берег реки сняли жители села Азат Алматинской области. Они просят обратить внимание акимат района на плохое состояние окружающей среды, передает корреспондент Tengrinews.kz. На кадрах показан берег рек Талгарка, полностью заваленный мусором. Жители отмечают, что свалка образовалась из-за того, что здесь не организован вывоз мусора. "Это находится рядом с Талгарский дачами. И кажется акимат забыл о существовании данного места, о том, что там живут люди. Бездорожье. Детям добираться в школу пешком в Талгар или через поля. Рядом речка Талгарка, берег которой превратили в свалку. Потому что не организован вывоз мусора. Есть мост, через который можно пройти в поселок Кендала. Но перемещаться по этому мосту очень опасно, особенно вечером, когда стемнеет. А тем более зимой. Очень хочется, чтобы эта информация дошла до Акима Енбекшиказахского района", - написал автор видео. В Министерстве экологии, геологии и природных ресурсов сообщили, что казахстанцы продолжают устраивать мусорные свалки, и пример тому - очередная мусорная свалка в Дачном массиве возле села Азат в Енбекшиказахском районе. Этот участок взят под контроль. "Минэкологии, в свою очередь, вновь призывает казахстанцев сообщать о подобных фактах по стихийным свалкам на горячую линию с приложением подтверждающих фото или видео и указанием места: +7 (775) 952-49-00. После получения обращения министерство направляет его в местные службы, в том числе акимат, для отработки и ликвидации стихийной свалки", - рассказала пресс-секретарь МЭГПР Самал Ибраева. Также Минэкологии ужесточит штрафы на нарушение экологического законодательства. Источник: tengrinews.kz

Публикация от Kris P Almaty|21+?? (@almaty_kris_p)

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қазақстандықтардың қоқысты жөн-жосықсыз тастау салдарынан қоқыс үйіндісі пайда болып жатқанын атап өтті. Оған мысал, Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат ауылы. Министрлік өкілі бұл учаске бақылауға алынғанын жеткізді.

"Экология министрлігі қазақстандықтардан орынсыз тасталған қоқыс үйінділерін көрсе, оны фото және видеоға түсіріп, +7 (775) 952-49-00 нөміріне жіберуді сұрайды. Министрлік қажет ақпаратты алған соң оны жергілікті органдарға, әкімдіктерге жібереді. Кейін олар қажет жұмыстарды жүргізеді", - деді министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Сондай-ақ, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экология туралы заңды бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін көтеруді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети