08 сәуір 2017 11:55

Алматы облысында кішкентай қыз көліктің астына түсіп қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында кішкентай қыз көліктің астына түсіп қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында кішкентай қыз көліктің астына түсіп қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты кешкі уақытта шамамен сағат 18.00-де Табаған-Бесағаш автожолында болған. Салдарынан Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі 2009 жылғы қызды қағып өлтірген. Оқиға орнына жедел қызметтегілер барды.

Облыстық ІІД өкілдері қыздың Бесағаш ауылында тұрғанын айта отырып, бұл деректі растады.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары осы іске қатысты қажетті сараптамаларды тағайындаған облыстық тергеу басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети