19 ақпан 2018 13:00

Алматы облысында қыз бен жігіт жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы ІІД баспасөз қызметінен Сурет Алматы ІІД баспасөз қызметінен

Алматы облысында 16 жастағы Александра Плигина мен 17 жастағы Нұрбек Сейітхан іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында 16 жастағы Александра Плигина мен 17 жастағы Нұрбек Сейітхан іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александра Плигина Талғар аудандық Ақтас ауылында 2018 жылы 8 қаңтарда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазіргі уақытқа дейін қыздың қайда екені белгісіз. Жоғалған қыздың белгілері - бойы 160-165 сантиметр, дене пішімі орташа. Қыз баланың үстінде көкшіл күртеше мен бас киімі, көк түсті джинс және сұр түсті крассовка киген. Сол көзінде кішігірім тыртық бар.

Полицейлер қандай да бір мәліметті білген жағдайда Талғар аудандық ІІБ кезекші бөліміне немесе мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды 8-727-295-61-05, 8-72774-2-10-61 немесе "102".

17 жастағы Нұрбек Сейітхан Талдықорған қаласында 2017 жылы 16 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазіргі уақытқа дейін жасөспірімнің қайда екені белгісіз. Жоғалған жігіттің белгілері - бойы 160-165 сантиметр, дене пішімі орташа, шашы қара әрі қысқа, қыр мұрынды, көзі қою қара, қасы тік әрі қара. Үстінде көкшіл күртеше мен қара түсті бас киімі болған, қара шалбар және қысқы етік киген.

Қандай да бір мәліметті білген жағдайда Талдықорған ІІБ кезекші бөлімі: 8-7282-608067 (68), Алматы облыстық ІІД Іздеу бөлімі:8-7282-608233 немесе "102-ге" хабарласуды сұрайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети