09 қыркүйек 2020 17:24

Алматы облысында мешіттен гүл ұрлаған әйел видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысының полицейлері мешіттен гүл ұрлаған әйел адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысының полицейлері мешіттен гүл ұрлаған әйел адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, Талдықорған қаласының тәртіп сақшыларына қалалық мешіттің діни қызметкері хабарласып, ыдысқа отырғызылған гүлді белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы айтқан.

Оқиға орнына келген жедел уәкілдер тергеу жұмыстарын жүргізіп, бақылау камераларының бейнежазбаларын зерттеген.

Жедел топ құрамында болған Талдықорған қалалық ПБ Шығыс ҚПБ учаскелік полиция инспекторы Ильяс Фурманұлы қаладағы шағынаудандардың бірінде тұратын 43 жастағы күдіктінің мекенжайын анықтап, ұстады.

Ұрланған гүлдер күдіктіден тәркіленіп, мешітке қайтарылды. Оның айтуынша, ол гүлдерді өте қатты жақсы көреді екен. Сондықтан бұл құмарлығына қарсы тұра алмай, ыдысқа отырғызылған гүлдерді ұрлап кеткен. Тексеру барысында әйелдің бұған дейін заңға қайшы әрекеті анықталмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети