19 шілде 2023 17:50

Алматы облысында мотоцикл жүргізушісінің жол апатына түскен сәті видеоға түсіп қалды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысында Lexus көлігімен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматы облысында Lexus көлігімен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде 17 маусымда Алматы облысындағы Гүлдала ауылы маңында Lexus көлігі мен мотоцикл және автобус жол апаты оқиғасына ұшырағаны түсірілген видео пайда болды. Кадрларда көліктердің арасынан өтіп бара жатқан мотоциклші Lexus жүргізушісімен соқтығысып, жолға құлағанын байқауға болады. Олардың соңынан келе жатқан автобус құлаған адамды айналып өтпек болады, бірақ мотоцикл жүргізушісін автобус басып кетеді. Жазба авторының айтуынша, қазіргі уақытта көптеген жарақат алған мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. Көлік оқиға орнынан қашып кеткен. Әлеуметтік желі қолданушылары куәгерлерді іздестіріп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АЛМАТИНЕЦ (@almatinec_life)

Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

"Осы жазба бойынша, көлік жүргізушісінің жүрген жерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Оның қорытындысы бойынша құқықбұзушы қолданыстағы заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады. Басқа да мәлімет кейінірек айтылады", - деді полиция қызметкері.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы жарақат алған мотоцикл жүргізушісінің жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Қостанайда мотоцикл жүргізушісі жарық бағанына соғылып, қаза тапқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети