05 тамыз 2016 13:45

Алматы облысында полицей екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицей екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында полицей екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жол-көлік оқиғасы дерегі Талдықорғанда тіркелді, 5 тамызға қараған түні Toyota Camry жүргізушісі Қонаев көшесімен келе жатып, бір әйел мен ер адамды қаққан. Олар жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған", - деп атап өтті ІІД өкілдері. Жаяу жүргіншілердің бірінің оқиға орнында, ал екіншісінің ауруханада қаза тапқаны айтылады. 

"Көлік тізгінінде шын мәнінде қалалық полиция қызметкері болған. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу басталды, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қарастырылады, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети