19 ақпан 2022 14:01

Алматы облысында полицейлер ірі жол апатына түсті

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысында полиция көлігі ірі жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында полиция көлігі ірі жол апатына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty (@kris_p_almaty)

Облыстық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 19 ақпанда сағат 08.30-да Талғар ауданында болған.  

"Subaru Legacy автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Алматы - Көкпек - Көктал тасжолының 26-шақырымында көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, полицейлердің Kia Cadenza маркалы көлігіне соқтығысты. Артынша Lada Largus, Subaru Outback және Mitsubishi Galant көліктеріне соғылды", - деді полиция өкілдері. 

Жол апаты видеокамераға түсіп қалған. Оқиға салдарынан үш полиция қызметкері зардап шеккен, олар Есік қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін олар амбулаторлық деңгейде ем алуға жіберілді. Басқа зардап шеккен адам жоқ. Жол апаты бойынша қажет тексеріс жүріп жатыр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети