27 шілде 2019 09:24

Алматы облысында шомылу маусымында 25 адам суға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Шомылу маусымы басталғалы бері Алматы облысында 25 адам суға кеткен, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Шомылу маусымы басталғалы бері Алматы облысында 25 адам суға кеткен, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Қаза тапқандардың оны - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Қайғылы жағдайға демалушылардың бейқамдығы себеп. Сонымен қатар демалыс орындарының бекітілген талаптарды орындамауы да ықпал еткен.

Адам шығынын болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері арнайы рейд өткізіп жатыр. Мамандар Балқаш, Қапшағай және Алакөл жағалауындағы тынығушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Жадынамалар таратып, сақтық шараларын естен шығармау керектігіне баса назар аударды.

"Рұқсат етілмеген су айдындарында шомылуға болмайды. Құтқарушылары бар демалыс орнын таңдаған жөн. Егер жүзе алмасаңыздар, терең жерге бармау керек. Және ішімдік ішіп суға түсуге болмайды. Ең бастысы жасөспірімдер мен кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар", - дейді облыстық ТЖД бөлім басшысы Игорь Жуков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети