18 шілде 2018 09:21

Алматы облысында тауға барған 7 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алматы облысында тауға барған 7 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті. Ол осымен төртінші күн іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды KТК телеарнасы.


Алматы облысында тауға барған 7 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті. Ол осымен төртінші күн іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды KТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, баланың туыстары оны біреулер қасақана ұстап отыр ма деп күдіктеніп отыр. Анасы Ернұрды Ынтымақ ауылындағы туыстарына қонаққа жіберген екен.

"Тауға шықпаған өмірі. Қызығып ілесіп кеткен ғой. Сол жоғары жаққа тамақ апарып бермекші болған малшыларға. Өзі қорқақ. Ит түгілі құстан қорқады ол. Білмеймін, ол тауда не істеп жатқанын?", - дейді баланың анасы Ләззат Шалабаева.

Телеарнаның мәліметінше, қыратқа 7 жасар баламен қоса 4 ұл көтерілген. Олар үйлеріне аман-есен оралыпты.

"Балалар өздеріне осында жүрген мал бағушылардың бірінің пышақпен шабуыл жасамақ болғанын айтады. Сөйтіп, әбден қорқып қалған олар жан-жаққа жапа-тармағай қаша жөнеліпті. Ернұр болса, жалғыз өзі сайға қарай түсіп кеткен. Содан бері оны көрген тірі жан жоқ", - дейді телернадағылар.

Телеарнаның мәліметінше, қазір Ернұр Сәдуақасты 100-ден аса сақшы мен құтқарушы, әрі ауыл тұрғындары күні-түні іздестіріп жатыр. Әзірге бар тапқандары баланың аяқ киімінің бір сыңары ғана. Оның үстіне, таудағы нөсерлеп жауған жаңбыр жұмыстарына қиындық туғызып жатыр екен.

"Күндіз техникалардың өзі қиналып өтіп жатыр жолдармен. Жергілікті таулы мекен болғандықтан және де өсімдік пен қурайлар өте биік болғандықтан қиыншылық туғызып жатыр",- дейді Жамбыл ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айбек Жанаев. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети