Алматы облысында төтенше ескерту жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматы облысында ауа райына байланысты төтенше ескерту жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап. "Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ден түскен дауылды ескерту негізінде қаңтардың 31-і мен ақпанның 3-і аралығында жауын-шашынның түсуі мен қардың толассыз жаууына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында қар көшетінін ескертеді", - делінген қалалық департаменттің хабарламасында. Мамандар тұрғындардан, қала қонақтары мен туристерден таулы жерлерге көтерілмеуді сұрайды. Қауіпсіздікті сақтамай, ескертуге құлақ аспағандар қар көшкіні астына қалуы мүмкін. Бір күн бұрын төтенше жағдайлар департаменті Алматының тауларында 20 рет қар көшкенін хабарлаған болатын. Бұған дейін төтенше жағдайлар қызметкерлері Оңтүстік Қазақстанда су тасқыны қаупіне байланысты ескерту жариялаған еді. Жауын-шашын мен жылы ауа райының әсерінен таулы аудандарда сел жүріп, өзендер тасуы ықтимал. Мамандар өзге облыстарда қарлы боран болатынын ескертті. Ал батыс және солтүстік аймақтарда қатты аяз болады деген болжам бар. Метеорологтердің мәліметінше, 1 ақпан күні Қазақстан аумағы жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталып, қар жауады, жел мен боран күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады. Әсіресе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарында боран соғады. Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аяз күшейеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro