01 тамыз 2015 | 09:34

Алматы облысындағы 9 адам қаза тапқан жол апаты болған жерде түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Интернетте Алматы облысындағы тоғыз адам қаза тапқан жол апатының видеосы жарияланды, сонымен қатар жол-көлік оқиғасы туралы жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Интернетте Алматы облысындағы тоғыз адам қаза тапқан жол апатының видеосы жарияланды, сонымен қатар жол-көлік оқиғасы туралы жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми емес дереккөздер бойынша, он адам отырған Mitsubishi Lancer қашып бара жатқан. Автомобильді патрульдік полиция машинасы қуып келе жатқан делінді. Сонымен қатар, көлікті қуғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалғандығы туралы да ақпараттар таралды.

Mitsubishi Lancer шыққан футбол алаңында жігіттер бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан жас жігіттердің салонға отырғанын, жүксалғышқа ешкімнің отырмағанын көруге болады. Әлеуметтік желілерде апат кезінде жігіттердің жүксалғышта отырғаны жазылған еді.

Ескерту! Видеода қорқынышты кадрлар мен былапыт сөздер бар!

Жол апаты 25 шілдеде болды. Mitsubishi Lancer жүргізушісі мен 9 жолаушы Талғардан Кеңдала ауылына бет алған. "Талғарда олар түнгі сағат 1.00-де шағын футбол алаңын жалға алып, футбол ойнаған. Сосын 10 адам бір көлікке отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Lancer жүргізушісі жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Нәтижесінде олар FAW жүк көлігімен соқтығысты. Сегіз жолаушы мен Mitsubishi Lancer жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл автокөліктің бір жолаушысы мен жүк көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі Талғар орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети