Алматы облысындағы жарылыс: құрбандар саны артты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: Tengrinews.kz Сурет: Tengrinews.kz

Алматы облысының Райымбек ауылында болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды. Ол ауруханада ота жасалғаннан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Райымбек ауылында болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды. Ол ауруханада ота жасалғаннан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1981 жылғы ер адам 31 тамызда жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Ол ауруханаға кома күйінде түскен.

"Бізге екі адам келіп түсті. Бір науқас реанимация бөліміне, ал екіншісі - травматологиялық бөлімшеге түсті. Біріншісі ашық бас сүйек-ми жарақаты, ми соққысы және көптеген жара мен сынықтар алған. Нейрохирург кеңесінен кейін науқас бас сүйегінің трепанациясына алынды. Жасалған оталардан кейін де оның динамикалық көрсеткіштері тұрақсыз болды. Жүрек және өкпе жетіспеушілігі болды. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратымен дем алған. Ол 20.20-да қайтыс болды", - деді Қарасай аудандық орталық аурухананың реаниматолог дәрігері Тұрар Ашмақын.

Сондай-ақ, ол 1984 жылғы екінші ер адам травматологиялық бөлімнен реанимацияға ауыстырылғанын айтты. Оның жағдайы нашарлаған.

"Ол жабық бас сүйек-ми жарақаты, ашық сынықтар алған, денесінің 15-20 пайызы күйген. Бет, кеуде қуысы, аяқтары күйген. Кеше сол аяғына ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты-ауыр. Динамикалық көрсеткіштер тұрақты. Емдеу консервативті", - деді дәрігер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

посёлок Райымбек. Кто в курсе?

Публикация от DOROGI ALMATY 24/7????????____ (@dorogi_almaty_official)

Еске салсақ, 31 тамызда сағат 12.20 шамасында Алматы облысындағы зауыттардың бірінде жарылыс болған. Мәліметтер бойынша, Қарасай ауданы Райымбек ауылында газ-бетон блоктарын өндіретін цехта жарылыс болған. Жоғары қысымдағы газбетонды блоктарды өндіру барысында автоклав жарылып, кейін цехтың жарылып, ғимарат бүлінген. Жарылыс салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі жеке тұрғын үй секторының аумағына құлап кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro