14 қаңтар 2022 21:59

Алматы облысындағы Шекара қызметі департаментінің ғимаратын 500 адам басып алмақ болған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

5 қаңтарда 500-ге жуық адам Алматы облысындағы Шекара қызметі департаментінің ғимаратын басып алмақ болған. Шекарашылар жеке құрам көмегімен нысанды қорғап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аумақта орнатылған бейнекамераларды бүлдірген шабуылшылар ғимараттың ішіне кіріп, қару-жарақты алып кетпек болған. Олардың қолдарында таяқ, электр граната, темір болған. Алайда бөлім нысандарын күзетіп, қорғаған шекарашылар оларға төтеп берген.

Сағат 14:00 шамасында қарулы топ Алматыдағы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының көрші ғимаратын басып алып, оны өртеп жіберген.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Өрт сөндіру көліктері келгенге дейін шекарашылар өрт сөндіруге кірісіп, прокуратураның 57 қызметкерін, Қорғаныс министрлігінің екі курсантын Шекара қызметі департаменті аумағына көшірген. Сонымен қатар, шекарашылар қылмыскерлердің 7 өрт сөндірушіні тұтқынға алғысы келген әрекетіне жол бермей, оларды ШҚ департаменті аумағына жасырған", - деп мәлімдеді Шекара қызметі өкілі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети