10 шілде 2020 09:23

Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Баймұхамбетов. Фото: 24.kz Қайрат Баймұхамбетов. Фото: 24.kz

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.


Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.

Өлімнің мән-жайын әкімдіктегілер кейінірек хабарлауға уәде берді.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "дәрігер гигиенист-эпидемиолог" мамандығы бойынша, 2006 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтында біліктілігін арттырудан өткен.

Институтты бітіргеннен кейін 1991 жылдан бастап Тың темір жолы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының Көкшетау бөлімшесінің санитар дәрігері болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Коммуналдық гигиена бойынша дәрігер, Күршім аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерушісі, 2001 жылдан бастап Шығыс қазақстан облысы Глубокое аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2013 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып қызмет еткен. 

2017-2019 жылдары Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. Содан кейін Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети