13 тамыз 2020 | 15:25

Алматы облысының бас санитар дәрігері тұрғындармен неге дөрекі сөйлескенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: lada.kz Фото: lada.kz

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл оқиға 12 тамызда болған. Сауда үйінің сатушылары облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне алдына жиналған. Олар Ерғали Сыдымановтан азық-түлік сатпайтын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұраған. Себебі, өңірде 3 тамыздан бастап, мұндай дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салыныпты.

Алматы облысының бас санитар дәрігерінің айтуынша, сатушылар мұндай талаппен осыған дейін де келген.

"Мұны естіген соң, мен көшеге шықтым. Мен кәсіпкерлерге облыстағы эпидемиологиялық жағдайды және олардың жұмысы неге тоқтағанын түсіндірдім. Әңгіме көлік бөлшектерін сататын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы болды. Олар 2 тамызда №23 қаулы бойынша жабылды. Біз барлық базарды жайдан-жай аша алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз - коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу",- дейді Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты. 

Оның пікірінше, желідегі видеоға монтаж жасалған.

"Маған белгісіз себептерге байланысты видеоға монтаж жасалған. Әңгіменің мазмұны өзгерген. Кейбір сөздер сүйектен өткен шығар, бірақ мен кәсіпкерлерге олардың жұмысы уақытша неге тоқтағанын түсіндіруге тырыстым. Видеода болған оқиғаның жағымды жағы көрсетілмеген. Кәсіпкерлермен жақсы сөйлестік. Нәтижесінде олар карантиннің аяқталуын күтетін болды. Бірақ бұл сәт видеода жоқ", - деді Алматы облысының бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар ол Денсаулық сақтау министрлігіне түсініктеме жазып жібергенін атап өтті.

"Егер олар қаласа, мен өз әрекетіме жауап беруге дайынмын", - дейді Ерғали Сыдыманов.

Сондай-ақ, ол халықпен кездесіп, олардың мәселесін шешуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескен видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети