24 тамыз 2020 17:18

Ерғали Сыдыманов қатаң сөгіс алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ерғали Сыдымановқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бұл бұйрық Алматы облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі негізінде шығарылды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Еске салайық, Алматы облысының Бас санитар дәрігері өзінің алғашқы жұмыс күні Талдықорғандағы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, олармен дөрекі сөйлескен шенеуніктің әрекетін желі қолданушылары жақтырмаған болатын. 

"Халықпен тілдесудегі ең үлкен минус! Не мәдениет жоқ, қыз балаға СЕН деп сөйлеп тұр. Ойын да дұрыс жеткізе алмайды. Ондай адамдарды қалай қызметке алады? "Басымды қатырма" дегенді қалай түсінуге болады?", "Мемлекеттік қызметкердің этикеті қайда? Мәдениетті сөйлей де алмай тұр ғой! Бірінші рет осындай қызмет атқарса түсінуге болады. Андай-мындай, туда-сюда. Көшеден келген адам сияқты", - деп наразы болды желі қолданушылары.

Үш баланың әкесі, дәрігер болуды армандаған. Сіз кімсіз, Ерғали Сыдыманов?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Как разговаривают чиновники Алматинской области с народом Откуда они берутся такие «вежливые», ребята с похмела или с нервов? АДГС, поговорите с человеком? Народ просит разрешения зарабатывать на жизнь. Новый главсанврач области, добро пожаловать в Талдыкорган. В первый день работы Ергали Сыдыманов отличился навыками общения. Приехал человек с запада.

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Видео желіде тарап кеткеннен кейін оған ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой назар аударып, қызметтік тергеу жүргізуге тапсырма берді. Артынша видеоға қатысты Бас санитар дәрігердің өзі де пікір білдіріп, жағдайды түсіндірді. Кейін көпшілік алдында кешірім сұрады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети