13 ақпан 2015 11:07

Алматы облысының екі ауылында үй аулаларын су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі ©Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысында селдің салдарынан Ақын Қалқа және Қаражиде ауылдарын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мират Қабыловқа сілтеме жасап. Оның мәліметінше, төтенше жағдайға жаңбырдың әсерінен қардың еруі себеп болды.

Ақын Қалқа ауылындағы үш үйдің және Қаражиде ауылындағы 16 үйдің ауласын су басты. Тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. "Жергілікті атқарушы органдар дер кезінде әрекет етті. Бөгеттерді нығайтып, арықтарды, өткізу құбырларын кеңейтіп, суды ағызды. Бір сағат ішінде барлық мәселе шешілді. Қазіргі уақытта ешкімге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Қабылов. 

Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің айтуынша, су тасқыны салдарынан ешқандай материалдық шығын келген жоқ. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге қажеттілік болмады. "Адамдар әдепкі жағдайда қалай тұрып жатты, қазір де солай. Аулаларды ғана су басты. Ешкім зардап шеккен жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысында төтенше ескерту жарияланды. "Жауын-шашынның айтарлықтай мол түсуі мен қар жабынының тұрақсыз болуына байланысты ақпанның 13-інен 15-іне дейінгі кезеңде Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін", - делінген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети