12 мамыр 2016 09:30

Алматы облысының тауларында адасып кеткен туристер 5 күннен кейін табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы облысы ТЖД © Алматы облысы ТЖД

Алматы облысында құтқарушылар таулардың арасында адасып кеткен шетелдік екі туристі құтқарды, - деп хабарлайды 24kz.


Алматы облысында құтқарушылар таулардың арасында адасып кеткен шетелдік екі туристі құтқарды, - деп хабарлайды 24kz.

Телеарнаның мәліметінше, 2 мамыр күні 11 адамнан тұратын ресейлік туристер тобы Кербұлақ ауданындағы таулы жоталарды жаяу аралауға шыққан. Жолда Инна Яковлева мен Менги Камаа топтан көз жазып қалады. 5 тәулік бойы бойжеткендер тауда адасып жүрген. Кейін топтың жетекшісі құтқарушыларға хабар береді.

"Іздеу жұмыстарына Шекара қызметі, Алматы облысы ІІД қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы алғанда 50 адам, жеті техника, бір тікұшақ қыздарды іздеу үшін жұмыс істеді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы. Ауруханаға барудан бас тартты", - деді облыстық ТЖД басқарма төрағасы Асқар Тойшыбеков.


© Алматы облысы ТЖД

Құтқарушылардың айтуынша, қыздар Көксу өзенінің арнасын тікұшақ арқылы бақылау кезінде табылған. "Біз ТЖД қызметкерлеріне жедел әрекет жасағандары үшін алғыс айтамыз. Олар барлық жерді мұқият қарап, бізді тез тауып алды", - деді саяхатшы Инна Яковлева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети