Алматы орталығынан шыққан қою түтін жұрттың үрейін ұшырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында өрттен шыққан қою түтін тұрғындарды үрейлендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында өрттен шыққан қою түтін тұрғындарды үрейлендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

17 қыркүйекте түстен кейін Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы маңында қою түтін шығып жатқаны байқалған. Полиция алаңды қоршап, жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысын шектеген.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімі мәліметінше, 17 қыркүйекте сағат 15.09-да Медеу ауданына шұғыл шақырту түскен.

"Сағат 15.12-де Назарбаев 124 мекенжайына жеткен өрт сөндірушілер төрт қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқанын анықтады", - деді департамент баспасөз қызметіндегілер.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт сағат 15.00 шамасында басталған. Куәгерлер түсіріп алған кадрлардан төрт қабатты үйдің шатыры қалай жанып жатқанын көруге болады. Видеоға өртенген құрылыс материалдары құлап жатқаны түсірілген.

Фото және видео: Tengrinews.kz/Әлішер Ахметов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети