17 қыркүйек 2021 17:48

Алматы орталығында шыққан өрт оқшауланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйден шыққан өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйден шыққан өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілер Панфилов көшесінің бойындағы, Назарбаев 124 мекенжайында төрт қабатты ғимараттан шыққан өртті оқшаулады.

Мәлімет бойынша, пәтерлер жалдамалы болған. Барлық тұрғын эвакуацияланды. Өрт сағат 16.40-та оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы орталығында өрттен шыққан қою түтін тұрғындарды үрейлендіргені хабарланған болатын. 17 қыркүйекте түстен кейін Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы маңында қою түтін шығып жатқаны байқалған. Полиция алаңды қоршап, жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысын шектеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети