Алматы полициясы банк клиенттеріне шабуылдағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полициясы банк клиенттеріне шабуылдағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, 31 қазанда 13.30-да Тимирязев көшесінің бойында орналасқан банктердің бірінде қылмыс жасалған. Іс деректері бойынша, Бостандық аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеу шараларын бастаған.
Еске салайық, осыған дейін Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алатау Гранд" бизнес орталығының маңында атыстың болғаны хабарланған. Куәгерлердің айтуынша, атыс түскі уақытта болған. Банк бөлімшесінің күзетшісі бизнес орталықтың алдында атыс болғанын хабарлаған. Күзетшінің айтуынша, атыстан банк клиенті зардап шекті.
"Жедел-тергеу тобы шабуыл жасағандардың кім екенін бірден анықтады. Олар ұсталды. Тергеу барысында қаскүнемдер жәбірленушінің әріптесінің айтуымен осы қылмысқа барған. Қылмыскерлер барлық жағдайды біліп отырған, қай уақытта баратынын, қанша ақша алатынын. Алайда ойлаған істері жүзеге аспай қалды. Ұсталғандар - жергілікті тұрғындар, 1981 және 1987 жылғы ер адамдар. Олар қамауға алынды. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деді Алматы қаласы ІІД-нің Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.