Желіде Алматыдағы банк маңында болған атыстың видеосы пайда болды

01 Қараша 2016, 19:25
0
Желіде Алматыдағы банк маңында болған атыстың видеосы пайда болды -

Желіде Алматыда болған атыстың видеосы пайда болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, видео ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "ДТП и ЧП | Алматы | Алматы Онлайн | Я Очевидец" тобында жарияланды.

Видеожазбадан атыстың троллейбус маңында болғанын көруге болады. Видеодағы кадрлардан бірнеше ер адамның өтіп жатқан адамдардан сөмкеге ұқсас белгісіз бір затты тартып алмақшы болғаны көрінеді. Сонымен қатар, атысқа ұқсас дыбыс естіледі.

Еске салайық, осыған дейін Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алатау Гранд" бизнес орталығының маңында атыстың болғаны хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, атыс түскі уақытта болған. Банк бөлімшесінің күзетшісі бизнес орталықтың алдында атыс болғанын хабарлаған. Күзетшінің айтуынша, атыстан банк клиенті зардап шекті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай